Батыр бабамыз Өтеген Өтеғұлұлының 320 жылдық мерейтойы қарсаңында, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы Жұмақан Қожамқұловтың "Мүйізді Өтегеннің -мүйізді ұрпағы" атты тарихи- публицистикалық шығармасы жарық көрді. Кітапта Өтеген батырдың тікелей ұрпағы, абыз ақсақал, соғыс және еңбек ардагері Өмірқұл Құлшықовтың өмірі мен елге атқарған адал қызметі туралы баяндалады.
